4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады Жетісу облысында Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер талқыланды Казахстан сохраняет региональное лидерство в Центральной Азии, три ведущих университета страны представлены в топ-100 рейтинга Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді Горный туризм — больше, чем отдых. Это новые возможности для экономики Алматы!
Қоғам

ДАЛА ӨРТІНІҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ!

Түркістан облысы, Арыс қаласы Байырқұм ауылдық округінде «Дала өрті – абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағайдан да пайда болатын апат» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Дала өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күз мезгілінде орын алады. Оның негізгі себептерінің бірі – ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеу кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы. Дала өрті ағаш қорының азаюына, өсімдіктердің зақымдануына әкеледі. Жалын шарпыған ағаштар қурап, жел мен дауылға төзімсіз болып келеді. Сонымен қатар, дала өрттері өте жылдам таралып, үлкен аумақты қамтуы мүмкін. Жаңа басталып келе жатқан дала өртін байқаған жағдайда: су құю; жасыл бұтақтармен сабалау; құм немесе топырақ себу; таптау арқылы өртті сөндіру шараларын қолданыңыз. Егер өртті өз күшіңізбен сөндіру мүмкін болмаса, дереу өрт сөндіру қызметіне, орман күзеті қызметкерлеріне, полицияға және жергілікті атқарушы органдарға хабарлаңыз. Өрт шыққан жағдайда: ???? 101 ???? 112 байланыс нөмірлеріне хабарласыңыздар

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *