Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Білім

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА «ТҮРКІСТАННЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯ ӨТТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА «ТҮРКІСТАННЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯ ӨТТІ
saqnews.kzsaqnews.kz
25 ноября, 2025
in Білім, Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
5
VIEWS

«Turkistan Investment and Tourism Forum – 2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында «Түркістанның дамуындағы цифрлық трансформация мен жасанды интеллект» тақырыбында панельдік сессия өтті. Шараға Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев, Woosong University Kazakhstan университетінің әкімшілік істер жөніндегі деканы Чон Ён Хва, «Hikvision» компаниясының «Қауіпсіз қала» бағытының жетекшісі Алмас Кумбассов, «Shaanxi Kobit Aviation Technology Co., Ltd.» компаниясы бас директорының орынбасары Фан Гоюань, «Sergek Group» компаниясының өкілі Арман Шапаев және «Қазақтелеком» АҚ сату департаментінің директоры Жандос Байдәулетов қатысып, аймақтың цифрлық дамуына қатысты өз ойларын ортаға салды. Сессия модераторы Азиза Чежеева болды.

Жиында жасанды интеллектті енгізу, өңірде мамандар даярлау, инновацияны қолдауға арналған цифрлық платформалар мен орталықтар құру мәселелері талқыланды. Еркебұлан Дауылбаев өз сөзінде Түркістан облысының инвестициялық және туристік әлеуетіне тоқталып, халықаралық серіктестерді жаңа жобаларды бірге жүзеге асыруға шақырды. «Түркістан – түркі әлемінің орталығы, мәдениет пен руханияттың, даналық пен ғылымның ордасы. Қазір біз тарихи Түркістанды инновация, технология, мәдениет, туризм, білім және халықаралық ынтымақтастық орталығына айналдырып жатырмыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Жолдауында «Жасанды интеллектті енгізу – Қазақстанның жаңа экономикалық бағытының өзегі болуы тиіс» деп ерекше атап өтті. Түркістан осы мүмкіндіктерді толық пайдалануға дайын. Біз өңірді технологиялық тұрғыда озық аймаққа айналдыруға жұмыс істейміз. Түркістан – тұрақтылық, серіктестік және даму аймағы. Жаңа жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырамын», – деді аппарат басшысы.

Өңірде аграрлық секторды цифрландыру арқылы өнімділікті арттыру бағытында ауыл шаруашылығына арналған дрон өндірісін іске қосу, бейнебақылау камералары мен оптикалық жабдықтар, кабель өнімдерін шығаратын жаңа зауыттар ашу жоспарланып отыр. Түркістан облысында инвестициялық климат қалыптасқан, облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өндіріс орындарын ашуға және өнімді терең өңдеуге басымдық берілген. Бүгінде өңірде 20 индустриалды аймақ жұмыс істейді, бұл – еліміздегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Әр индустриалды аймақ толық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Сонымен бірге «Turan» арнайы экономикалық аймағы шетелдік және отандық инвесторлар үшін тартымды алаңға айналуда.

Жаңа экономиканың негізгі күші – заманауи білім мен технологияны меңгерген мамандар екені белгілі. Осыған орай Түркістан қаласында ИТ кадрларын даярлайтын «Woosong Kazakhstan» университеті ашылып, жасанды интеллект, бағдарламалау, инженерия және киберқауіпсіздік бойынша мамандар дайындауды бастады. Бұл өңірді еліміздегі жаңа IT-хабтардың біріне айналдыруға жол ашады.

Панельдік отырыс барысында қатысушылар қоғамдық көліктерді цифрландыру, өңірдің қауіпсіздігін арттыру, автоматтандыру, дрон өндірісі сияқты бағыттардағы жобаларын таныстырып, тәжірибе алмасты. Сессия «G2B» форматындағы жеке кездесулермен жалғасты. Еркебұлан Дауылбаев шетелдік ірі компания өкілдерімен жүздесіп, цифрландыру саласына қатысты ұсыныстарымен танысты. Тиімді жобаларды жүзеге асыруға әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетіні, тиісті меморандумдардың рәсімделетіні жеткізілді.

Алдыңғы жаңалық

TITF–2025: ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМДА ҚҰНЫ 432,2 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 7 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯ БАСШЫЛАРЫ МЕН ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025
Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯ БАСШЫЛАРЫ МЕН ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯ БАСШЫЛАРЫ МЕН ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz