Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Кредит ресімдеген кездегі қателіктер мен лайфхактар: қаржылық сауаттылық негіздері

Кредит ресімдеген кездегі қателіктер мен лайфхактар: қаржылық сауаттылық негіздері
saqnews.kzsaqnews.kz
4 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
6
VIEWS

Қазіргі таңда кредит – қаржылық құрал ретінде кеңінен қолданылады. Кей адамдар үшін ол маңызды қажеттілікті дереу қанағаттандыру тәсілі болса, енді біреулер үшін артық төлем мен пайыздық мөлшерлемелерге байланысты шектен тыс жүктеме көзі болуы мүмкін. Дегенмен, кредиттің өзі – бейтарап құрал. Ең бастысы – оны дұрыс және сауатты қолдана білу.

Кредит мақсаты және қаржылық мүмкіндіктер

Кредит – белгілі бір маңызды қажеттілікті шешуге арналған қаржы құралы. Алайда оны рәсімдеу кезінде ең алдымен кредиттің мақсатын нақты түсіну қажет. Сатып алынатын зат немесе қызмет сіздің өмір сүру сапаңызды жақсартып, күнделікті тіршілікті жеңілдетуі тиіс. Ал төлем кестесі жеке немесе отбасылық бюджетке айтарлықтай қысым түсірмеуі қажет.

Кредиттік мақсаттар қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Ең бастысы – мақсат нақты әрі шынайы болуы тиіс. Мақсатсыз, яғни тек «ақша керек» деген себеппен рәсімделген қарыз – қаржылық қиындыққа апаратын тікелей жол.

Мысалы, кейде банк бастапқыда сұралғаннан да көп сома ұсынуы мүмкін. Мұндай жағдайда бірден артық ақшаны алу тиімді емес. Қаржы ұйымына қайта жүгіну арқылы қосымша қаражатты кейінірек рәсімдеу әлдеқайда дұрыс шешім болады. Бұл уақытша үзіліс сізге жоспарды мұқият ойластыруға мүмкіндік береді.

Техникалық құралдарды кредитке алу – пайдалы ма?

Жастар арасында жиі кездесетін қателіктің бірі – соңғы үлгідегі смартфон немесе техниканы кредитке рәсімдеу. Мұндай қадам көбіне бренд қуалау немесе әлеуметтік мәртебе үшін жасалады. Алайда бұл құрылғылардың функционалының көп бөлігі пайдаланылмайды.

Кредитке техника алудың мәні тек ол сіздің өміріңізді айтарлықтай жеңілдететін жағдайда ғана болады. Егер ол жұмыс өнімділігін арттырып, уақытты үнемдеуге немесе табыс табуға көмектеспесе – мұндай шығын орынды емес.

Қаржылық мүмкіндікті бағалау

Кредит рәсімдер алдында өз табысыңызды және шығыныңызды мұқият талдаған жөн. ҚР заңнамасына сәйкес, кредиттік жүктеме ай сайынғы табыстың 50%-ынан аспауы тиіс. Егер бұл шекті көрсеткішке жақындасаңыз, жаңа кредит алуға рұқсат берілмеуі мүмкін.

Сондай-ақ, кредитті өтеген кезеңде басқа шығындардан уақытша бас тартуға тура келетінін түсінген жөн. Кредит төлемі жеке немесе отбасылық бюджетте алдын ала қарастырылуы қажет. Қаржылық қиындыққа ұрынбас үшін, қосымша, тұрақты емес табысты кредит өтеу көзі ретінде есептемеген абзал. Себебі, мұндай табыс кез келген уақытта тоқтап қалуы мүмкін.

Лайфхактар және кеңестер

  1. Мақсатсыз кредит алмаңыз. Әрбір қарыздың артында нақты қажеттілік пен жоспар болуы тиіс.

  2. Артық соманы бірден алмаңыз. Қажет болса, кейін қайта өтініш беру әлдеқайда тиімді.

  3. Бюджетіңізді есептеңіз. Кредит төлемі ай сайынғы шығындар қатарында міндетті түрде ескерілсін.

  4. Пайыз мөлшерлемелерін салыстырыңыз. Бірнеше ұйым ұсынған шарттарды зерттеңіз.

  5. Кредит тарихыңызды бақылаңыз. Ол болашақтағы қаржылық шешімдерге тікелей әсер етеді.

Қорытынды

Кредит – дұрыс қолданылған жағдайда пайдалы құрал. Бірақ ол қаржылық тәртіп пен есепті талап етеді. Кредит алу туралы шешім қабылдағанға дейін, мақсаттың орынды екеніне көз жеткізіп, жүктемені есептеп, бюджетті жоспарлап, ең нашар сценарийге дайын болу қажет. Жақсы ойластырылған шешім – сіздің қаржылық тұрақтылығыңыздың негізі.

Алдыңғы жаңалық

Жаңа балалар саябағының ашылу салтанаты өтті

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ

12 августа, 2025
ЕЛІМІЗДЕ ЖИЫН-ТЕРІМ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Басты жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕ ЖИЫН-ТЕРІМ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

12 августа, 2025
ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

8 августа, 2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ
Басты жаңалықтар

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

6 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ

12 августа, 2025

ЕЛІМІЗДЕ ЖИЫН-ТЕРІМ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

12 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

8 августа, 2025

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

6 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ТҰРҒЫНДАРДЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

6 августа, 2025

ШАРДАРА ҚАЛАСЫНДА УАҚЫТША СУ ТАПШЫЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

6 августа, 2025

ШАРДАРА ҚАЛАСЫНДА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

6 августа, 2025

ХАБАРЛАНДЫРУ! ҚҰРМЕТТІ ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

6 августа, 2025

Құрметті Жұмыс берушілер!

4 августа, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

Құрметті Жұмыс берушілер!

Құрметті Жұмыс берушілер!

saqnews.kz
4 августа, 2025
0

ХАБАРЛАНДЫРУ! ҚҰРМЕТТІ ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

ХАБАРЛАНДЫРУ! ҚҰРМЕТТІ ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

saqnews.kz
6 августа, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz