5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +6°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

Қонақ күтуге байланысты салт-дәстүрлер

Қонақасы – қонақты сыйлап ішіп-жегізумен байланысты әдет. Қазақ халқы ежелден қонақжайлығымен танымал болған. Ең дәмдісін қазақтар әрқашан қонақтар үшін сақтаған. Қонақтар үш түрге бөлінді. «Арнайы қонақ» – арнайы шақырылған, «құдайы қонақ» – кездейсоқ жолаушы, «қыдырма қонақ» – күтпеген қонақ. Айта кету керек, егер үй иесі қандай да бір себептермен қонақасы дәстүрін сақтаудан бас тартса, оған қатысты (ежелгі уақытта) айыппұл санкциялары қолданылатын болған.

Қонақкәде – көңілді отырудың, үй иесінің, сонымен бірге қонақтың риясыз көңілін білдіретін белгі. Үй иесінің қонағына қонақкәде айтыңыз деп өтініш жасауға хақы бар. Бұл «өлең айтыңыз, өнер көрсетіңіз» дегенді білдіреді. Екіншіден, бұрынғы адамдар жастарды өлең айтуға, айтысқа, шешендікке, домбыра үйренуге ерте баулыған. Олардың «сегіз қырлы, бір сырлы» өнерпаз болып өсуіне қолдау көрсетіп отырған. Өйткені қонақкәде айта алмай қалу – ыңғайсыз жағдай болып қалыптасқан.

Ерулік – дәстүрлі халықтық жоралғының жарқын үлгісі. Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз татырып, ықылас-пейіл білдіреді. Ерулік беру арқылы ауыл тұрғындары жаңа көршілерін өздеріне етене жақындастыруды, бөтенсітпеуді де көздейді. Ерулік қысқы соғымның сүбелі мүшелерінен (қазы-қарта, жал-жая, т.б.) пісіріледі немесе қой сойылып шақырылады.

Той дастархан – мерейтойға немесе оның барысында ұйымдастырылған мерекенің ерекше түрі. Дастарқан басында отырудан басқа, сол дастархан кезінде спорттық, музыкалық, ән жарыстары (айтыс), ат жарыстары өткізіледі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *