4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады
Қоғам

Жаңа топтық су құбыры Түркістан облысын сумен тұрақты қамтамасыз етеді

Су ресурстары және ирригация министрлігі Түркістан облысындағы Өгем өзенінде ГЭС каскадымен бірге топтық су құбырын салу жобасына жеке инвестиция тартты.
Жоба аясында ұзындығы 12 шақырымдық туннель қазу, ұзындығы 40 шақырым болатын су құбырын, су жинау қоймасын және Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауылындағы су тазарту станциясын салу, сондай-ақ бес шағын гидроэлектр станциясынан тұратын каскад салу көзделген.
Бұл жоба Түркістан облысының Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Жетісай және Мақтаарал аудандарын ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаның қуаттылығы – жылына 110 млн текше метр ауыз су және сағатына 72 мегаватт электр энергиясы. Бұл өңірге қосымша энергетикалық қуат береді.
«Министрлік Қазақстанның су шаруашылығына жеке инвестиция тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Жобаны іске асыру 600-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, оның ішінде 500-і уақытша және 160-ы тұрақты жұмыс орны. Бүгінде жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді»,– деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *