2025 жылғы 25 мамырда Шардара ауданына қарасты Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округіндегі Шоқан Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектептің 2005 жылғы түлектері (1988 жылы туғандар) өздерінің 20 жылдық мерейтойы аясында қайырымдылық шарасын өткізді. Олар ауыл тұрғыны Айжанов Анарбекке жеті бөлмелі тұрғын үйді сыйға тартты.
Сауапты әрі салтанатты шараға Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округінің әкімі Алтынбеков Аманғани арнайы қатысып, баспаналы болған отбасыны құттықтап, игі іске мұрындық болған түлектерді құттықтап және де аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.
Шара барысында ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тәжібай Мырзакелдиев және ауылдық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Тағабай Сүлеевтер жүрекжарды лебіздерін білдіріп, түлектерге ақ баталарын берді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі