4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Қоғам

ШАРДАРА: ҚОССЕЙІТТІК ТҮЛЕКТЕР АУЫЛ ТҰРҒЫНЫНА ҮЙ СЫЙЛАДЫ

2025 жылғы 24 мамырда Шардара ауданына қарасты Қоссейіт ауылдық округіндегі “Сырдария” жалпы білім беретін мектептің 2005 жылғы түлектері (1988 жылы туғандар) өздерінің 20 жылдық мерейтойы аясында қайырымдылық шарасын өткізді. Олар ауыл тұрғыны Құрбанов Бақтыбай Пердебайұлына үш бөлмелі тұрғын үйді сыйға тартты.
Сауапты әрі салтанатты шараға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Туребеков арнайы қатысып, баспаналы болған отбасыны құттықтап, игі іске мұрындық болған түлектерге аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.
— «Құрметті Қоссейіт ауылының тұрғындары мен қадірлі түлектер! Сіздердің бірлік пен ынтымақпен атқарған игі істеріңіздің нәтижесінде бір отбасы шаттыққа бөленіп отыр. Осындай азаматтық әрекеттер елдің берекесін арттырады. Баршаңызға зор ризашылығымды білдіремін», — деді Б.Туребеков.
Шара барысында Қоссейіт ауылдық округінің әкімі Нұрбол Жайнар мен ауыл биі Бауыржан Төлегенов жүрекжарды лебіздерін білдіріп, түлектерге ақ баталарын берді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *