4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Аймақ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА «АҒАНАЙ» СУ ҚОЙМАСЫНА 200 МЫҢҒА ЖУЫҚ САЗАН ШАБАҒЫ ЖІБЕРІЛДІ

Возможно, это изображение 1 человек
Қазығұрт ауданында балық шаруашылығын дамыту ісі қарқынды жүргізілуде. Соңғы жылдары бұл салаға ерекше көңіл бөлініп, өңір экономикасының маңызды бір бағытына айналып келеді. Мемлекет тарапынан қабылданған «Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында кәсіпкерлерге түрлі қолдаулар көрсетіліп, тың жобалар жүзеге асуда.
Осы орайда аудан әкімі Азизхан Исмаилов Шарбұлақ ауылдық округіне қарасты Ақбастау ауылында орналасқан «Сабит» шаруа қожалығына арнайы барып, шаруашылықтың жұмыс барысымен танысты. Аталған қожалықтың қарамағындағы «Ағанай» су қоймасы бүгінде балық өсіру бағытында ірі жобаларды қолға алып отыр.
Су қоймасына 200 мыңға жуық сазан шабағы жіберілді. Бұл – аймақтағы балық қорының артуына, экологиялық тепе-теңдіктің сақталуына және жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға үлкен септігін тигізетін жоба. Қазіргі таңда бұл бастама негізінде 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Алдағы уақытта жылына 1000 тоннаға дейін балық өнімін өндіру жоспарлануда.
Айта кетсек, аудан әкімдігі тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулар мен шаруалардың қажырлы еңбегінің нәтижесінде ауданда балық шаруашылығының әлеуеті жылдан-жылға артып келеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *