4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады Жетісу облысында Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер талқыланды
Аймақ

Түркістан облысында ағаш отырғызу науқаны басталды

Наурыз мерекесі қарсаңында Түркістан облысында көшет отырғызу науқаны басталды. Өңірде биыл 1,2 млн түп ағаш егу жоспарланған. Оның 631 мыңы осы көктем мезгілінде отырғызылады. Өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған игі бастама барлық елдімекенде қолға алынған. Көгалдандыру жұмыстарына ауыл жастары, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен бөлек зейнеткерлер де қатысып жатыр. Мәселен Атбұлақ елдімекенін жасыл желекпен көмкеріп жүрген жандар осы ауылдың 1960 жылы туған азаматтары. Бүгінде алпыстың асуына шыққан сыныптастар  көктемде игі бастаманы қолға алыпты. Бірігіп арнайы бағаналар мен көшеттерді сатып алып, білек сыбана іске кіріскен.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагимов «Жалпы енді 60 жылғылардан бастап, 2000-шы жылғыларға дейін өздерінің бөліп-бөліп алған нысандарды бар, сол жерге егіп жатырмыз. Барлық қолына күрек ұстай алатын, денсаулығы бар азаматтардың барлығы осы жерде жүр. Бәріне мыңда бір рахмет! Мұның барлығы ертең өсіп келе жатқан жастарға үлгі! Өз елімізді, өз ауылымызды өзіміз көркейтпесек, ешкім келіп бізге, ағаш егіп, гүл егіп бермейді»-дейді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *