Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Білім

Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

8 ноября, 2022
in Білім
0
0
SHARES
13
VIEWS

Түркістан облысында білім ұяларының саны өткен жылмен салыстырғанда 32 мектепке артып, 983-ке жетті. Оның ішінде 75-і – жекеменшік мектептер. Оқушы саны артып, 514 мыңнан асты. Орта білім саласындағы өзекті мәселер Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалық етуімен өткен жиналыста талқыланды.

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының баяндауынша, халық саны жағынан тығыз орналасқан Түркістан облысында білім саласының деңгейін көтеруде мамандар жеткіліксіз. Өңірде педагогтар саны – 67 333, білім алушылар саны – 540 609, жалпы мемлекеттік білім беру ұйымдарының саны – 1376, білім саласына қатысты мемлекеттік қызметкерлер саны жалпы — 106.

«Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасы бойынша облыстағы 824 мемлекеттік негізгі және орта білім беру ұйымдарын 3 мыңнан астам физика, химия, биология, STEM пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету жоспарланған.

Апатты және үш ауысымды мектептерді азайту үшін жұмыстар күшейтілген. Мемлекет басшысының 2022-2025 жыл аралығында 1000 мектеп салу бағдарламасы бойынша апатты жағдайдағы үш мектеп анықталып, құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жыл аралығында Түркістан облысында 60-тан астам заманауи мектеп салынады. Жайлы мектептер барлық аудан, қалаларда бой көтереді.

Облыстағы 52 колледжде 37 мыңға жуық бала білім алады. Дуальды оқумен қамтылған колледждер саны – 35. Биылғы оқу жылына кадрларды даярлауға 71 мамандық бойынша 17 000 орынға мемлекеттік грант бөлінді. Колледждерді қамқорлыққа алу жөнінде 29 колледж 53 кәсіпорынмен меморандум түзді. Сонымен қатар Жұмыспен қамту орталығы, «Атамекен» ҰКП, кәсіпкерлік және білім бөлімдерінің мамандарын тарта отырып, аудандарда ауылшаруашылық колледждерінің базасында жастарды қолдау орталықтары (ЖҚО) ашылмақ. Осы арқылы Түркістан облысының ауыл жастарын NEET санатынан шығару қарастырылуда.

Алдыңғы жаңалық

Сәкен мен Сағындық жартылай финалға шықты

Келесі жаңалық

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы тұтынушыларының назарына !!!

Ұқсас жаңалықтар

Білім

Сырттай оқуға болатын мамандықтар тізімі қысқарды

17 октября, 2022
Білім

Қазақстандық оқушылар Женевада робототехникадан өткен жарыста рекорд орнатты

17 октября, 2022
Елордада «Ой көкпар» зияткерлік сайысы өтті
Аймақ

Елордада «Ой көкпар» зияткерлік сайысы өтті

29 сентября, 2022
Түркістандық мұғалім асық атудан әлем чемпионы атанды
Білім

Түркістандық мұғалім асық атудан әлем чемпионы атанды

28 сентября, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

2 июля, 2025

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 июля, 2025

АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

2 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

1 июля, 2025
Келесі жаңалық

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы тұтынушыларының назарына !!!

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

saqnews.kz
1 июля, 2025
0

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

saqnews.kz
24 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz