4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады Жетісу облысында Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер талқыланды
Қоғам

Түркістан облысында есірткі жарнамалаған 214 сайт анықталды

Түркістан облысында есірткі жарнамалаған 214 сайт анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы, Түркістан өңірі бойынша 9 ай ішінде 165 есірткі қылмысы тіркелген. Сондай-ақ, 208 есірткі теріс қылықтары анықталып отыр. Оның ішінде 19-ы есірткі сату болса, 19-ы – аса ірі көлемде есірткі затын сақтау, 55-і – есірткі контрабандасы.

«Жыл басынан бері Түркістан облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері заңсыз әрекетпен айналысқан 214 сайтты анықтап, бұғаттау бойынша шешім қабылдауға құзыретті мемлекеттік органға жолдады. Облыс аумағында есірткі өсімдігін еккен 69 дерек анықталды. Сондай-ақ, 200 мың түптен астам сора өсімдігі табылып, жойылды. Заңсыз айналымнан 1,5 тоннаға жуық түрлі есірткілер тәркіленді», – делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *