Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Аймақ

«19 мың гектар жерімізді қырғыздар пайдаланып отыр»: Сенатор қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға қатысты дабыл қақты

«19 мың гектар жерімізді қырғыздар пайдаланып отыр»: Сенатор қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға қатысты дабыл қақты
13 октября, 2022
in Аймақ, Билік
0
0
SHARES
30
VIEWS

Сенатор Нұржан Нұрсипатов Кеген ауылындағы жағдайға қатысты дабыл қақты. Ол жерде Қырғызстанмен арадағы шекара сызығы өтеді. Бірақ тиісті белгілер жоқ. Ал қазақстандық шекарашылар қақтығыстың алдын алу үшін ауыл халқын жайылымға шығармай отыр, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазақстан көрші елдермен шекараны анықтап бекіткен. Алайда демаркациялау, яғни арнайы белгілерді орнату жұмыстары әлі толығымен аяқталған жоқ. Ондай жерлердің бірі – Кеген ауылына жақын шекара.

«Бұл жұмыстың аяқталмауы шекаралас өңірдегі екі ел тұрғындары арасында жанжал тудырады», – деді Нұрсипатов сенаттың жалпы отырысында.

Бүгінде қазақ-қырғыз шекарасында мыңдаған шекаралық бағана орнатылған. Ал Кеген тұрғындары қырғыз жақтан шекара шебінің белгіленбегенін айтып отыр. Келісім бойынша екі жақтан да шекара шебі өтуі керек.

«Қазақстан тарапынан шекара сызығына тікелей жанасатын бірінші шептің инженерлік бөгеуіштері жоқ, тек екінші шебі жол жиегімен орнатылған бөгеуіштермен белгіленіпті. Осылайша, бірінші және екінші шептердің арасындағы Қазақстанның 4 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы және 15 мың гектар орман шаруашылығы жерлерін Кеген ауданының шаруа қожалықтары өз мақсаттарына пайдалана алмай отыр. Өйткені тұрғындар арасындағы қақтығысты болдырмау үшін қазақстандық шекарашылар азаматтарымызды инженерлік бөгеттердің екінші шебі арқылы өткізбейді. Бүгінде бұл жерлерді Қырғызстан азаматтары шөп шабу және мал жайлау үшін пайдаланып жатыр. Себебі ол жақтан бөгеттер орнатылмаған», – деп атап өтті Нұрсипатов.

Ал ондай жағдай біздің аймағымызда шиеленісті туғызуы мүмкін. Осыған байланысты сенаторлар Нұрсипатов пен Жөргенбаев үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, шекара сызығын белгілеу мәселесін шұғыл шешуді талап етті.

Алдыңғы жаңалық

KazAgro/KazFarm-2022 көрмесінде өтетін лотореяда үш қошқар ұтысқа тігіледі

Келесі жаңалық

Ресейде жұлдызы жанған қазақстандықтар

Ұқсас жаңалықтар

Аймақ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ҮШ АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

30 мая, 2025
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ
Аймақ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

30 мая, 2025
ТҮРКІСТАННАН АҚМОЛАҒА: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 200 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ТИЕЛГЕН КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАННАН АҚМОЛАҒА: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 200 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ТИЕЛГЕН КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

30 мая, 2025
ТҮРКІСТАН: ӨҢІРЛІК НЫШАН ЖОБАСЫ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ
Аймақ

ТҮРКІСТАН: ӨҢІРЛІК НЫШАН ЖОБАСЫ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

30 мая, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық

Ресейде жұлдызы жанған қазақстандықтар

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz