4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Билік

Ақордада Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери өндірістегі ықпалдастық талқыланып жатыр

Ақордада Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысы өтіп жатыр. Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түркия елінен қонақжай қазақ жеріне, атажұртқа келген ағайынға құшағымыз қашан да айқара ашық. Бүгін ардақты бауырым Режеп Тайип Ердоған мырза бастаған делегацияны қуана қарсы алып отырмыз. Қазақстан мен Түркияның жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысын ашық деп жариялаймын», – деді отырысты ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыдан кейін Мемлекет басшысы алдын ала келісімге орай күн тәртібіне енгізілген мәселелерді жария етті.

«Бірінші – сыртқы саясат және инвестиция саласындағы әрекеттестік. Екінші мәселе – сауда-экономикалық ынтымақтастық. Үшінші мәселе – көлік-логистика және әскери өндіріс саласындағы ықпалдастық. Төртінші – ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастық», – деді ҚР Президенті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *