4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Әлем

Өзбекстан Орталық Азия елдеріне Orient Silk Road Express тур пойызын іске қосты

Өзбекстан Орталық Азиядағы туризмді дамыту барысында алыс шетелдерден келетін саяхатшылар үшін аймақ елдері арқылы “Orient Silk Road Express” туристік чартерлік пойызын іске қосты, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл поезд арқылы АҚШ пен Еуропа елдерінен келген жолаушылар 12 күнде Орталық Азияның 8 қаласымен таныса алады.

“Халықаралық туризмді дамыту мақсатында 2022 жылғы 7 қазан мен 18 қазан аралығында “O`zbekiston temir yo`llari” АҚ “Lernidee Erlebnisreisen” неміс туристік компаниясымен бірлесіп “Алматы – Ташкент – Қамашы – Китаб – Самарқанд – Хиуа – Бұхара – Худжанд – Ташкент бағыттарын ұйымдастырды”, – деді Өзбекстан темір жолдары департаменті.
Барлық вагондар (оның ішінде екі люкс вагон мен бір люкс ұйықтайтын вагон) өзбектің ұлттық нақышында безендірілген. Олардың әрқайсысында душ, дәретхана, теледидар, гардероб және басқа да қажетті заттар бар.
Туристік чартерлік пойыз ЕО елдерінен, сондай-ақ бірнеше басқа елдерден – Франциядан, Нидерландыдан, Бельгиядан, АҚШ-тан, Германиядан, Австриядан, Ұлыбританиядан және Канададан келген саяхатшыларға қызмет көрсетеді.

Өзбекстан президенті аймақ елдері арасындағы туризмді дамытуды бірнеше рет айтқан болатын. Осыған орай, шілдеде Шавкат Мирзиёев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінде мемлекетаралық маршруттар мен туристік өнімдерді әзірлеуді ұсынды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *