4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ
Аймақ

Шиелі ауданында әр гектардан 55 центнер өнім жиналды

Шиелі ауданында биыл 30074, 4 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылы егілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таратып айтқанда, күздік бидай 1649, жаздық бидай 456, тары 280, арпа 50, дән жүгері 110, соя 150, жаңа жоңышқа 3400, ескі жоңышқа 6147,8 мал жемдік асқабақ 137,6, жемдік жүгері 60, күнбағыс 15, картоп 1198,1, көкөніс 1769,05, бақша дақылдары 2408, мақсары 1494 гектар жерге егілсе, өңірдің басты брендіне айналған күріш 10 750 гектар жерге себілді.

Бүгінде ауданның ауыл шаруашылық дақылдарын жинау жұмысы толығымен аяқталған. Егілген 10 750 сыр маржаны толық орылып бітіп, оның 9670 гектары бастырылуда. Орта есеппен әр гектардан 55 центнер өнім жиналды.

Байырғылар «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп бекер айтпаса керек-ті. Сол айтқандай, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білген сала еңбеккерлерінің маңдай терінің арқасында меже орындалды. Айта кету керек, қазан айының 23-і күні сағат 08:00-де орталық стадионда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жалпы жәрмеңкеде 78 тонна өнім болады деп жоспарлануда. Көлік саны шамамен – 24. Берекелі жәрмеңкеде сатылатын өнімдер нарық бағасынан 10-15 процентке төмен сатылатын болады, – дейі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Әшірбеков.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *