4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Қазақстан

Тарихи отанына оралғысы келетін қазақтардың саны күрт артты

Қазақстан егемен ел атанғаннан бері 1 млн-нан астам қазақ атажұртына оралды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысындағы BAQ.KZ.

Шет елдердегі қандастарды қолдау мақсатында құрылған «Отандастар» қоры арқылы жыл басынан бері 11 мыңнан астам қазагөз атамекенге келіп қоныстанды. Мамандардың айтуынша биыл елге оралғысы келген қазақтар саны күрт көбейіп отыр. Оған кейбір мемлекеттер арасындағы қақтығыстар себеп.

Былтыр «Отандастар» коммерциялық емес қоры Солтүстік Қазақстан өңіріне Ираннан бір топ қандас қоныс аударды. Олардың басым бөлігі Есіл ауданында тұрып жатыр. Атажұртын жылдар бойы аңсап жеткендердің бірі Мәриям Қазақ. Шетелдік дипломмен бір жылдан бері жұмысқа орналаса алмаса да өз күнін өзі көріп отыр. Жалға берілген үйдің кем-кетігін де өзі істеп алған.

Жұмыстың орайы келмей жатыр. Өзім киім-кешек, төсек жабдықтарын тігіп, тәтті пісіріп сатып жүрмін. Қазір біртіндеп тапсырыс көбейіп келеді. Иранда қар атаулыны көрмегенбіз. Бір ай бойы пеш жағуды үйрену қиын болды. Қазір сол істің маманындай болып алдым. Орыс тілін білмегендіктен кейде қиналамыз. Дегенмен былтырғымен салыстырғанда біраз үйреніп қалдық. Екі балам мектепке бірден үйренісіп, жаңа достар тауып алды. Кейде әзілдеп «Иранға қайтайық» десем, Қазақстаннан, осы Петровка ауылынан кеткісі жоқ. Олар парсы мектебінде білім алып келген. Бір сыныпты екінші рет оқуға тура келді. Қазір екеуінің де сабақ үлгерімі жақсы, – дейді Мәриям.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *