4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Қазақстан

Қазан айында Республика күніне орай демалыс күндері ауыстырылады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылдың қазанында мейрамға байланысты демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулы әзірледі, деп хабарлайды Stan.kz.
Қаулыға сәйкес демалыс күні 22 қазаннан (сенбі) 24 қазанға (дүйсенбі) ауыстырылады.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, биыл “Қазақстан Республикасындағы мерекелер” туралы заңға өзгеріс енгізу жоспарланған. Оған сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні болып бекітіледі. Ол күн сейсенбіге түскен.

Осыған орай мереке күндерінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында демалыс күндерін ауыстыру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Сенат депутаттары 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні ретінде белгілеу туралы өзгерістерді мақұлдаған еді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *