4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Қазақстан

Қазақстандықтар Мекке мен Мединаға тікелей әуе рейсімен қатынайды

Сауд Арабиясы бүкіл әлемнің құлшылық етушілерін қолдауға арналған «Nusuk» атты интеграцияланған мемлекеттік цифрлық платформаны іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қажылық және Умра министрі Тауфик әл-Рәбианың сөзіне қарағанда, аталған жобаның Қазақстанды да қамтуы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы елге жасаған сапары қаншалықты жемісті болғанын көрсетеді.

«Қазақстан мен Сауд Арабиясының арасындағы қарым-қатынас өте қарқынды дамып келеді. Бізді жоғары мәртебелі Президент мырзаның екі ай бұрын Сауд Арабиясына жасаған сапары қуантты. Бұл сапар өте жемісті болып, көптеген келісімге қол қойылды. Келешекте бұл келісімдер екі ел қарым-қатынасына серпін береді деп ойлаймыз. Қазақстан мен Сауд Арабиясының арасындағы қарым-қатынастың тығыз екенін айта отырып, мен Қажылық және Умра министрі болып тағайындалғаннан кейінгі екінші сапарымды сіздерге жасап отырғанымды атап өткім келеді. Яғни, бұл менің осы лауазымдағы екінші сапарым болып тұр.

Сондай-ақ екі елдің тығыз байланысының бір мысалы ретінде Қазақстан азаматтарының Сауд Арабиясына сайт арқылы немесе Сауда Арабиясының Елшілігіне бару арқылы электронды виза алып, қажылық жасай алатынын келтіруге болады», – дейді министр.

Сонымен қатар доктор Тауфик әл-Рәбиа екі елдің арасында тікелей әуе рейстерін ашу арқылы Nusuk жобасын қолданушы қазақстандықтардың сапарын одан әрі жеңілдете түсу жоспарда бар екенін жеткізді.

«Бұл істе біз Қазақстан Үкіметімен бірге бүкіл шараларды қарастырып жатырмыз. Fly Nas компаниясымен келіссөз жүріп жатыр. 2023 жылы осы бағытта жаңалық болады. Бірақ бұл біз әуе тасымалында тек Fly Nas компаниясымен ғана әріптестік орнатамыз деген сөз емес. Есігіміз бәріне ашық – Сауд Арабиясының компанияларына да, Қазақстан компанияларына да ашықпыз. Келешекте Қазақстан мен Сауд Арабиясының қалалары арасында әуе тасымалын дамытуды жоспарлап отырмыз. Бүгін мен Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрімен кездесу өткіздім. Сол кезде осы мәселені талқыладық. Сондай-ақ біз екі елдің әуе компанияларының әріптестігін дамыту, екі елдің арасында тікелей әуе қатынасын орнату мәселелерін сөз еттік. Министр мырза бұл идеяны қолдап, келешекте міндетті түрде аталған мәселені зерделеп, тікелей әуе қатынасын енгізетінін мәлім етті», – деді Сауд Арабиясының өкілі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *