4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Әлем

Ресейліктерге Қазақстанда тұруға қанша уақыт рұқсат етіледі?

Қазақстан-Ресей шекарасында Қазақстанға Ресей азаматтары ағыны айтарлықтай өскені байқалады. Шетелдік азаматтардың Қазақстанда жүруіне қатысты белгіленген шектеулер бар. Шетелдіктер елімізде қанша уақыт бола алады – Tengrinews.kz материалында.

Шетелдіктердің Қазақстанға келу ережесін “Халықтың көші-қоны туралы” заңы және Үкіметтің “Көшіп келушілердің Қазақстанға келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстаннан кетуінің қағидаларын және көші-қон бақылауын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы” қаулысы реттейді.

Осы ережелерге сәйкес, елде 30 күнге дейін болатын шетелдіктерге уақытша тіркеу міндетті емес.

Ресейдің Қазақстандағы елшілігі мәліметінше, Ресей азаматы Қазақстанда 30 күннен артық қалғысы келсе, міндетті түрде көші-қон қызметіне тіркелуі керек.

Осыдан кейін елде болу мерзімі 90 күнтізбелік күнге дейін ұлғайтылуы мүмкін (30+60). Бұл мерзім өткеннен кейін азамат Қазақстаннан кетуге міндетті. Қазақстанға қайта келу елден кеткен күннен бастап 90 күнтізбелік күннен кейін ғана мүмкін болады.

Егер ресейліктер Қазақстанға жұмыс істеу үшін келсе, онда мұндай азаматтардың және олардың отбасы мүшелерінің уақытша елде болу мерзімі Ресей азаматының Қазақстандағы жұмыс берушімен немесе жұмысқа тапсырыс берушімен жасасқан еңбек немесе азаматтық-құқықтық шартының ұзақтығымен шектеледі.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *