4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Әлем

Владимир Путин Ресейде әскердің бір бөлігін мобилизациялауға шешім қабылдады

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин әскердің бір бөлігін мобилизациялау (мемлекеттің қарулы күштерін бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшіру) туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.Оның сөзінше, бұл Ресейдің егемендігі мен біртұтастығын сақтау үшін жасалған. Сонымен қатар әскери қызметке барлық азаматтар емес, запастағы әскерилер шақырылады.

“Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың Ресейде ішінара жұмылдыру жұмыстарын жүргізу туралы ұсынысын қолдау қажет деп санаймын”, – деді Путин.

Ресей басшысы мобилизацияның бүгін, 21 қыркүйектен бастап күшіне енетінін атап өтті.

“Әскерге шақырылғандар міндетті дайындықтан өтеді. Еріктілер мәртебесі қарастырылатын болады”, – деп қосты ол.

Сонымен қатар Кремль қабылдаған заңда жартылай мобилизациялау кезінде жасына, денсаулығына байланысты және соттың бас бостандығынан айыру үкімі бойынша әскери қызметтен босатуға болатыны айтылған.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *