БАӘ Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіруге 1 миллион доллар бөлді

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында “Әл-Бахр” сарайында БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Премьер-министр биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отырғанын атап өтті.

Премьер-министр соңғы жылдары түрлі салалардағы бірлескен жобалар санының өсуі байқалып отырғанын айтты.

“Инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыру және тереңдету үшін айтарлықтай әлеует бар. Үкімет инвесторларға олардың бастамаларын іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге әзір. Жақын арада біз жаңа бірлескен жобаларды іске қосамыз деп үміттенемін”, – деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар премьер-министр БАӘ Президентіне Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіру жұмыстарына 1 миллион доллар көлемінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерін ерекше достық қатынастар байланыстыратынын атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *