4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Әлем

Анталияда Таңжарық Жолдыұлына арналған халықаралық әдеби конференция өтті

Түркияның Анталия қаласындағы Akdeniz университетінде қазақтың ұлы ақыны ТаңжарықЖолдыұлының 120 жылдық мерейтойына орай Халықаралық әдеби конференция өтті. Шараны ұйымдастыруға Халықаралық «Таңжарық-зерттеу қоры» қоғамы, Дүниежүзі қазақтарының даму қоры, Akdeniz университеті, Еуразия Жазушылар Одағы және «Түрік Ошағы» бірлестігі атсалысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конференцияның басты мақсаты- Таңжарық Жолдыұлының өмірдерегі мен шығармашылығын насихаттау, Түрік әлеміне таныстыру, Қазақ-Түрік әдеби, мәдени байланысын нығайтуға үлес қосу.

Шара барысында Түрік тіліне аударылған 22 қазақ ақынының өлеңдері мен өмірбаяны топтастырылған жинақтың тұсауы кесілді (топтастырған М. Мамытхан). «Таңжарық» журналы таныстырылды, Қазақстаннан барған ақындар өлеңдерін оқыды, Таңжарық шығармаларына талдау жасалды, өнер адамдары Таңжарықтың әндерін шырқады.

Түркиядағы белгілі жазушы, ғалым, қоғам қайраткерлері Таңжарық ақынның қиын да қилы өміріне тоқталып, шығармалары, артында қалған бай мұраларына талдау жасай отырып, «Таңжарық Жолдыұлы – Түркі әлемінің ортақ құндылығы» деген бағасын берді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *