4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Білім

БҚО-да 52 мектеп директорының орны бос тұр

Бұл жайлы БҚО білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бұлбұл Күзембаева мәлімдеді, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысындағы Turkistanzaman BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Директордың міндетін атқару орынбасарларға жүктелген. Әсіресе Ақжайық, Теректі, Казталов, Қаратөбе және Бөкей ордасы аудандарында көбірек, – дейді Бұлбұл Бисембайқызы.

Бүгінде «ҚР Педагог мәртебесі туралы» Заңның іске асырылуы, педагогтардың құқықтары мен әдеп нормаларының сақталуы жоғарыда аталған департаменттің басты назарында.

Өкінішке орай, білім беру мекемелері басшылары тарапынан ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген әдеп нормаларының сақталмауы жиі орын алуда. Кейбір басшылар өзі үлгі бола отырып ұжымда тұрақты жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыра алмайды. Осы он күн ішінде департамент жанындағы консультативтік кеңесте екі балабақша тәрбиешісінен түскен шағым қарастырылды. Казталов және Ақжайық ауданының балабақша тәрбиешілері өз басшылықтарының құқықтарын бұзғанын дәлелдеді, – деді Бұлбұл Күзембаева.

Департамен басшысының айтуынша, Казталов ауданындағы балабақша меңгерушісіне Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 409-бабының 7-3 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ол тәрбиешілерді өзінің міндетіне жатпайтын жұмыстарға тартып, яғни балабақшаның жөндеу жұмыстары мен шаруашылыққа керек тауарларды сатып алуға міндеттеген.

Әдеп нормаларын да бұзғаны үшін білім бөліміне меңгерушіге тәртіптік шара қолдану жайлы ұсыныс берілді. Ал Ақжайық ауданындағы балабақша меңгерушісіне әдеп нормаларын сақтамағаны үшін ұсыныс беріліп, білім бөлімі тарапынан сөгіс түріндегі тәртіптік шара қолданылды, – деді Бұлбұл Күзембаева.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *