Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Білім

Гибридті білім – бұл біз ұмтылатын болашақ бола ала ма?

Гибридті білім – бұл біз ұмтылатын болашақ бола ала ма?
14 сентября, 2022
in Білім, Қоғам
0
0
SHARES
8
VIEWS

Қазіргі білім беру эволюциясының негізгі бағыттары – оқушылардың әлеуетін дамытуға және нәтижеге бағытталған оқыту, деп хабарлайды Turkistanzaman BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бұрынғыдай оқушылар сыныпта ұзақ уақыт отырып, бір ғана мәлімет көзінен білім алу тәсілі қазіргі заманғы талаптарға сай келмейді. Оқушыларға онлайн және дәстүрлі білім беру формаларының элементтері бар жаңа, дербес, интерактивті оқу ортасы қажет.

Бүгінде елімізде, гибридті оқу жобасын сәтті іске асырып жатқан Zerdeli ақыл-ой дамыту мектебі, екі жүйені біріктіп, жаңа оқу бағдарламасын ұсынып отыр. Мәселен, гибридті жоба 3 бағытта жүреді: ҰСТАЗ + ZERDELI.APP + КІТАП.

Бұл жүлгенің әрбіріне жеке-жеке тоқталар болсақ:

Ұстаз – білім берудегі инновациялық жүйені қолданады. Ол баламен жеке жұмыс істей отырып, теориядан гөрі, тәжірибеге көп назар аударады. Арнайы бағдарлама арқасында, ұстаз қысқа уақыт ішінде бірнеше тақырыпты пысықтай алады.

Zerdeli.арр – бірегей авторлық бағдарлама. Бұл кешенді платформада оқушылар видеосабақты көре алады, үй жұмысын жасайды, қажетті материалды іздеп тауып, тақырыпты пысықтайды. Видеосабақтар құрамы білікті ұстаздардың пән курстары, анимациялармен қамтылған қызықты форматтағы бейнелер, қиын тақырыптарды жеңілдедіп түсіндіру технологиялары. Бұл платформада бала өздігінен сабақ оқып, үй жұмысын орындайды.

Оқулықтар – бұл Зерделі орталығының авторлық оқулықтары. Бұл кітаптар әрбір оқушыға тегін беріледі. Осы оқулықтардың негізінде, бала толыққанды білім алады. Өйткені аталған кітаптар, бірегей бағдарламада өз орнын ойып алған.

Айтып отырған, гибридті оқу жобасы бірнеше жыл бойы білікті ұстаздар ортасында пысықталды. Сондықтан басы-аяғы жұп-жұмыр бағдарлама болып отыр. Оның көмегімен, оқушы шалғай ауылда отырып, астаналық білім деңгейіне қол жеткізе алады. Сондай-ақ, дәстүрлі мектептердің оқу құны 300 000 теңгеден асып түссе, гибридті оқу жобасының құны не бәрі 50 000 теңге. Бұл еліміздің түкпір-түкпіріндегі балалардың сапалы білімге қол жеткізетін жоба. Оқушылар бұл бағдарламада оқып қана қоймай, әр ай сайын арнайы білім деңгейін, қабілетін тексеретін тесттен өтіп отырады. Бұл баланың курс бастамас бұрынғы білім деңгейін және курс уақытындағы білім деңгейін салыстырып отыруға көмектеседі – дейді мектеп өкілі.

Жаңа сандық технологияларды қолдануға негізделген әдіс оқушыларды сыныптан тыс уақытта да жұмысқа ынталандыратын шығармашылық, интерактивті оқыту ортасын құруға ықпал етеді. Оқушы тек ұстаздың сұрауымен емес, өздігінен оқуға күш салады.

Ал әзірше, бұл жобаның тұсауы кесіліп, басқан қадамы нық болғанын күтеміз. Өйткені мың құбылған уақытта, баланың білікті білім алуы бәріміздің басты мақсатымыз, дегенмен ата-аналардың балаларына сапалы білім беруіне де біраз қаражат жұмсайтыны белгілі. Осы тұрғыдан, Zerdeli ақыл-ой дамыту мектебінің гибритті оқыту жобасы, бар түйіннің күрмеуін шешеміз деп отыр.

Zerdeli ақыл-ой дамыту мектебінің гибритті оқыту жобасы білім берудегі революциялық серпіліс. Оның маңыздылығын республика бойынша оқушылар білім деңгейі үлкен көрсеткішке жеткен кезде көреміз.

Алдыңғы жаңалық

Иран телеарналары Елизаветаны "ең қауіпті қылмыскер" деп атап, Гитлерге теңеді

Келесі жаңалық

Астаналық кәсіпкер алаяққа 36 млн теңгесін беріп қойды

Ұқсас жаңалықтар

Ынтымақ пен Бірлік – Қоғамның Берік Тұғыры
Басты жаңалықтар

Ынтымақ пен Бірлік – Қоғамның Берік Тұғыры

5 сентября, 2025
Бірлік – Қазақстанның басты байлығы
Басты жаңалықтар

Бірлік – Қазақстанның басты байлығы

4 сентября, 2025
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

1 сентября, 2025
Бірлік пен келісім – тұрақты дамудың негізі
Басты жаңалықтар

Бірлік пен келісім – тұрақты дамудың негізі

29 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық

Астаналық кәсіпкер алаяққа 36 млн теңгесін беріп қойды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz