4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Билік

Білім басқармалары басшыларының телефон нөмірлері жарияланды

Оқу-ағарту министрлігі еліміздің барлық өңіріндегі білім басқармалары басшыларының ұялы телефондары мен әлеуметтік желідегі аккаунттарын жариялады. Сондай-ақ орынбасарларының нөмірлері да көрсетілген, деп хабарлайды Turkistanzaman BAQ.KZ сілтеме жасап.

Бұл азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру мақсатында жарияланып отыр.

«Білім беру ұйымдарының жұмысына, балаларды оқытуға және басқа да мәселелерге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда қазақстандықтар білім басқармалары мен аумақтық бөлімдердің басшыларына тікелей хабарласа алады. Ата-аналар, педагогтер білім саласындағы проблемалар жайында хабарлай алады. Басшылар азаматтардың өтініштеріне жедел ден қойып, қажетті шешімдерді уақытында қабылдауы қажет. Қаржыландыру, құрылыс, жөндеу жұмыстары әкімдіктердің құзырында екенін естеріңізге сала кетейін», – деді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Сонымен қатар білім басқармаларында call-орталықтар құрылды. Оған да азаматтар білім беру мәселелері бойынша жүгіне алады. Call-орталықтардың нөмірлері әлеуметтік желілердегі парақшаларда жарияланған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *