4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Қоғам

Алаяқтар жүргізуші куәлігін жасап беремін деген желеумен Түлкібас тұрғынына 3 несие рәсімдеген

Алаяқтар Түлкібас тұрғынын жүргізуші куәлігін жасап беремін деп алдап, оның атына 3 несие рәсімдеген, деп хабарлайды Turkistanzaman ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға Түлкібас ауданында болған. Күдікті ер адам жәбірленушінің сеніміне кіріп, аз уақыт ішінде жүргізуші куәлігін жасап беретінін айтқан. Содан, 250 000 теңге ақшасы мен жеке куәлігін алып кеткен. Арада біршама уақыт өткенде жәбірленушінің атынан 3 несие рәсімдеп, 3 млн теңгеге жуық шығын келтірген.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бабы бойынша тіркеуге алынды. Осы оқиғаға қатысы бар бұрын сотты болған жергілікті тұрғын анықталды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» – деді Түркістан облысы порлиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Әбдіжаппарова.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *