4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Аймақ

Қызылорда тұрғыны әйелін ұрып өлтірді

Қызылордада 3 тамыз күні күйеуінен таяқ жеген үш баланың анасы көз жұмды. Жүбайын аямаған 29 жастағы күдікті ұсталды. Алайда марқұмның туыстары қылмысқа қатысы бар деп тағы төрт адамнан күдіктеніп отыр. Олар кінәлілердің жазаланғанын қалайды, деп хабарлайды Turkistanzaman Stan.kz сілтеме жасап.

Таңсәрі марқұмның туыстары жазған хаттар мен деректерді жария етті. 27 жастағы келіншек сол күні туған күнін атап өту үшін күйеуімен бірге дәмханаға барған.

“Екеуі 2015 жылы отбасын құрды. Үш ұлы бар: 5, 3 және 2 жаста. Күйеуі бұған дейін де оны ұрып-соққан. Ол балалары үшін кешіріп, қайта қабылдап жүрді. Сіңлім жоғары білімді. Бір аптадан кейін лицензиясын алып, нотариалдық қызметпен айналысуы керек еді.
2-сі күні оның туған күні болды, 27 жасқа толды. Сол күні екі баласын анасына тастап кетті, өйткені тек күйеуімен атап өткісі келді. Олар үнемі тек екеуі тойлайтын, өйткені күйеуі қатты қызғаншақ”, – дейді марқұмның туысы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *