4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Білім

137 бала грантынан айырылды

2022 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) 154 мың қазақстандық тапсырды. Емтихан қорытындылары шығарылғанымен, Ұлттық тестілеу орталығында бейнежазбаларды тексеру әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды turkistanzaman BAQ.KZ сілтеме жасап.
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев бейнежазбаларды қарап шыққаннан кейін 153 тест тапсырушының нәтижесі жойылғанын, оның 137-сі білім грантының иегерлері екенін түсіндіреді.
Біз қазірдің өзінде тиісті шаралар қабылдадық және олардың грант туралы куәліктері жарамсыз деп танылды, – деді Руслан Емелбаев.
Сонымен қатар, орталық басшысы атап өткендей, аталған бұзу фактілері бойынша қызметкерлерге қатысты қызметтік тексерулер жүргізіліп жатыр.
Биыл 327 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқандықтан ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Ережелерді бұзғаны үшін тестілеу кезінде аудиториядан 322 адам шығарылды, – деді Руслан Емелбаев.
2022 жылы ҰБТ-да шекті балды түлектердің 33% жинай алмады.
Биыл орташа нәтиже 66 балл болды, ал максимум – 139.
ҰБТ бойынша ңң төмен нәтиже көрсеткен үш өңір: Маңғыстау, Түркістан және Атырау облыстары.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *