4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Аймақ

Қарағандыда мерзімді қызметтегі әскери қызметші қайтыс болды

28 тамызда Қарағандыдағы әскери бөлімде мерзімді қызметтегі әскери қызметші қайтыс болды деп хабарлайды turkistanzaman BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі “Патриоты Караганды” парақшасы жарияланды.
Қайғылы оқиға Төтенше жағдайлар министрлігінің 52 859 әскери бөлімінде болған.
Сарбаз сапта кетіп бара жатып аяқ астынан құлаған, одан кейін тіршілік белгісі байқалмады. Жүрегі кенеттен тоқтаған. Медициналық бекет дәрігерлері оған дереу көмек көрсетті, жедел жәрдем қызметін шақырды. Алайда оны құтқара алмады… Қайтыс болған сарбаз 24 жаста болатын, — деп жазылған хабарламада.
Сарбаз өліміне панкреонекроз себеп болуымүмкін деген болжам бар.
Әскери қызметшінің аты – Елсұлтан. Ол денсаулығына шағымданған емес. Жыл сайын медициналық тексеруден өтіп тұрды. Бұл – міндетті нәрсе. Биыл 30 тамыз – 1 қыркүйек аралығында медициналық тексеруден өтуі тиіс болатын. Сол күні оның көңіл күйі жақсы болды, практикалық сабақтарға қатысты. Өз ісінің кәсіпқой маманы еді, қызметте жоғарылату жоспары бар болатын, – деді әскери бөлімнің командирі Жанат Омаров.
Қазір осы іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *