4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Аймақ

Қазақстанның алты аймағында дауылды ескерту жарияланды

22 тамыз күні түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында жер бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді, деп хабарлайды turkistanzaman ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

22 тамызда күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан күтілетін желдің екпіні – 15-20 м/с.

Осы күні Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 15-20, екпіні – 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні – 15-20 м/с.

22 тамызда Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде, шығысында – 15-20 м/с.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *