4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ
Өзекті мәселе

Қазақстандықтарға 1,7 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді

Осы жылдың 7 айында қазақстандықтарға 1,7 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді, деп хабарлайды turkistanzaman BAQ.KZ.
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, 2022 жылғы шілдеде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 243,3 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 73,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 169,4 млрд теңге бөлінді.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 247 мың адам.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 109 156 теңге болды.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *