4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Әлеумет

eGov mobile қосымшасында жаңа бөлім іске қосылады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин денсаулық сақтау саласын цифрландыру тәсілдері қайта қаралатынын мәлімдеді, деп хабарлады turkistanzaman BAQ.KZ.
Медициналық көмек көрсетуді есептеу процесін жаппай автоматтандыруды қойып, ауруды ертерек анықтау және асқынудың алдын алуға мән беру қажет. Денсаулық сақтау саласын цифрландыру тәсілдері қайта қаралады. Қазір дәрігер қабылдауына халықтың тек 8 пайызы ғана онлайн жазылады, дегенмен ыңғайлы сервистерді енгізу арқылы бұл көрсеткішті көп ұзамай ұлғайтатын боламыз, – деді министр.

Бағдат Мусиннің айтуынша, ЦДИАӨМ Денсаулық сақтау министрлігімен бірге eGov mobile мобильді қосымшасында «eGov.Денсаулық» жаңа бөлімін жасап жатыр. Бұл бөлімде донорлық мәртебе, электрондық рецепт, вакциналау, тәжірибеханалық зерттеулер қорытындысы, жұмысқа жарамдылық парағы туралы және т.б. ақпарат жинақталады. Осылайша денсаулыққа байланысты барлық мәлімет бір жерде шоғырланып, қолжетімді болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *