Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Денсаулық

Қазақстандық әйел алғаш рет Каталина бұғазын жүзіп өтті

Қазақстандық әйел алғаш рет Каталина бұғазын жүзіп өтті
8 августа, 2022
in Денсаулық, Спорт
0
0
SHARES
13
VIEWS

Қазақстанның темір ханшайымы атанған Әнел Сытдықова АҚШ-та Каталина бұғазын жүзіп өтті, деп хабарлайды turkistanzaman ҚазАқпарат тілшісі. Батыс Қазақстан облысында туып-өскен Әнел Әлібекқызы Лос-Анджелесте әлемдегі ең ұзақ марафондық қашықтықтардың бірі –Каталина бұғазын (34 шақырымға жуық, Catalina Channel Swimming) тоқтамастан 18 сағат 19 минутта жүзіп өтті. Бұл марафондық жүзу 4 тамыз күні сағат 23.00-басталып, Әнел мәреге келесі күні жетті. Бұл аралықты америкалық Ла-Манш деп те атайды. Мұндағы қиындық, Ла-Манштағыдай, судың салқындығы және ағыстың күрделі екендігі. Толқынға қарсы жүзу оңай емес. Сонымен қатар жүзу барысында адам киттермен, дельфиндермен, тіпті акуламен кездесіп қалуы да мүмкін. Осы қиындықтардың бәрінен қорықпай, Каталина бұғазын кесіп өткен Ә.Сытдықова қазақстандық тұңғыш жүзуші атанды. Әнелдің сөзіне қарағанда, жүзу кезінде онымен Bottom Scratcher қайығында 13 адамнан тұратын топ бірге жүрді. Екі тәуелсіз бақылаушы суда жүзудің барлық мәліметтерін жазып, ережелердің сақталуын қадағалап отырды. Қайыққа қол тигізуге болмайды және су костюмін пайдалануға тыйым салынған. Екі төреші үш сағат сайын ауысады. Қайықтағы үш экипаж мүшесі де жүзушіні бақылайды. Қалғандары – қайық капитаны мен оның көмекшілері. Бұған дейін Әнел Сытдықова 2019 жылы Ла-Манш бұғазын (38 шақырым) 15 сағат 15 минутта және биыл Манхеттендегі 20 көпірді айналып, 48 шақырым қашықтықты жүзіп өткен еді. Әлемдегі ең беделді осы үш марафонды бағындырған спортшыларға «Үш тәждің ханшайымы» атағы беріліп, «Үштік тәж» (Triple Crown) клубының мүшелігіне қабылданады. Әнел де клубқа кірді. Өткен жылдың желтоқсанында бұл клубқа мүше болғандар саны 265 адам еді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық әйелдің АҚШ-та 48 шақырым қашықтықты жүзіп өткенін жазған болатынбыз.

Алдыңғы жаңалық

Бибісара Асаубаева әйелдер арасында Азияның үздік шахматшысы атанды

Келесі жаңалық

Республикалық маңызы бар күре жолдың бойында киіз үй орнатылды

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025
Түркістанда жаңа перзентхана салынады
Cаясат

Түркістанда жаңа перзентхана салынады

13 мая, 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕЛКЕНДІ СПОРТ ШЕБЕРЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ
Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕЛКЕНДІ СПОРТ ШЕБЕРЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

10 мая, 2025
Түркістанда 2,5 тонна наурыз көже дайындалады
Аймақ

Түркістанда 2,5 тонна наурыз көже дайындалады

17 марта, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық
Республикалық маңызы бар күре жолдың бойында киіз үй орнатылды

Республикалық маңызы бар күре жолдың бойында киіз үй орнатылды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz