4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Cаясат

Ердоған Путинмен келіссөздер жүргізу үшін Ресейге ұшты

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Владимир Путинмен келіссөздер жүргізу үшін Сочиге ұшты, деп хабарлайды turkistanzaman Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.Делегация құрамында ұлттық барлау басшысы Хакан Фидан бар.

Путин қазір Сочиде. Келіссөздердің нәтижелері туралы баспасөзге премьер-министрдің орынбасары, Үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Александр Новак хабарламақ.

Путин мен Ердоған бүгін Анкараның Сирияда әскери операция жүргізу ниетін талқылайды деп болжануда.”Бүгін Сирия талқыланбақ. Түркия қазір қауіпсіздік себептері бойынша алаңдаушылық тудыруда. Біз оны әрине, ескереміз. Бірақ Сириядағы жағдайдың тұрақсыздануына әкеліп соғатын кез келген әрекеттерге жол бермеу өте маңызды. Бұл аумақтық және саяси тұтастыққа нұқсан келтірмеуі керек”, – деді Песков журналистердің сауалына жауап беріп.

Сонымен қатар Түркияның БРИКС-ке кіруі де талқылануы мүмкін. Одан бөлек, бұл келіссөздерде екіжақты байланыстардың жай-күйі мен болашағы туралы пікір алмасу болып, аймақтық және халықаралық үдерістер талқыланбақ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *