4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры
Әлеумет

Нұр-Сұлтанда ерлі-зайыпты Telegram арқылы синтетикалық есірткі таратқан

Елордалық полицейлер Нұр-Сұлтан аумағында аса ірі көлемде есірткі сататын Telegram желісіндегі интернет-дүкен жұмысын тоқтатты, – деп хабарлайды turkistanzaman tengrinews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары мәліметінше, есірткі сататын сайттардың бірінің әкімшісінің жеке басы анықталғаннан кейін, ол бақылауға алынған.

“Ұстау бірден екі мекенжай бойынша жүргізілді. Дүкен иесі синтетикалық есірткіні жасырып жатқан жерінде қылмыс үстінде ұсталды”, – деді ІІМ баспасөз хатшысы Ақтоты Боранова брифингте. Ұсталған кезде көліктен сатуға дайын 60 бума мефедрон табылғаны атап өтілді.

“Есірткі көліктің еденінде жатқан сыра банкасына жасырылған. Осы уақытта пәтерде есірткі сатушының бірге тұратын әйелі ұсталды, ол есірткіні таратуға қатысқан. Тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде 157 оралған мефедрон дозасы, есірткі салынған пластик науалар, сондай-ақ каннабис шайыры бар 886 желатинді капсулалар тәркіленген”, – деп толықтырды ІІМ өкілдері.

Айғақты затқа оқиға орнында табылған электрон таразылар, орауыш ыдыстар, өлшеуіш қасықтар тіркелгені хабарланды. Бір мезгілде ұстау нәтижесінде ерлі-зайыптылардан 3 келіден аса синтетикалық мефедрон есірткісі және 260 грамм каннабис шайыры тәркіленген.

Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі “Электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын, психотроптық заттарды заңсыз өткізу” бойынша қылмыстық іс қозғалды. 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырлған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *