Сүңгуірлер өзенге батып кеткен Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылышты іздеуді жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды turkistanzaman tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап.
“Қазір іздеу жұмыстарына екі сүңгуір бригадасы, екі қайық және бір моторлы қайық жұмылдырылды”, – деді Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Махамбет ауданы бойынша басқармасы өкілдері.
Қайғылы оқиға 31 шілдеде күндіз Махамбет ауданы Ортақшыл ауылында болған. Ринат Жанқылыш белгісіз жағдайда Жайық өзеніне батып кетті.