4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Cаясат

Мұхтар Әблязов Франциядан экстрадициялануы мүмкін

Франциядағы босқындар ісі бойынша сот Мұхтар Әблязовтың ісін қарауға дайындалып жатыр. Бұл туралы EU Reporter басылымы жазды, – деп хабарлайды turkistanzaman tengrinews.kz тілшісі.

“Қашқын миллиардер Мұхтар Әблязов жақын арада Францияда саяси босқын ретінде қалуға рұқсат беретінін немесе алаяқтық жасады деген айыппен экстрадицияланатынын біледі. Ұзаққа созылған Әблязов ісі Франциядағы босқындар ісі жөніндегі ұлттық сотқа (CNDA) жетті, ол жақын арада босқын-олигарх мәртебесі туралы шешім қабылдауы тиіс”, – деп жазды Брюссельдегі ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ, басылым француз Paris Match журналының тергеуіне сілтеме жасап, “Әблязовке баспана беру туралы шешім Францияның саяси орталарында алаңдаушылық туғызады, өйткені елдің Қазақстанмен маңызды қорғаныс және уран келісімшарттары бар” делінген.
Еске салайық, Қазақстанда Әблязов БТА банктен 7 миллиард долларға жуық ақша жымқырғаны үшін сырттай 20 жылға бас бостандығынан айырылған, ал 2018 жылы банкир Ержан Тәтішевке қастандық жасауды ұйымдастырғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *