4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Билік

Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындары қантпен қамтамасыз етіледі

Қоғамдық тамақтану объектілерінің индустриялық қант қажеттілігін толық қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің телеграм каналына сілтеме жасап. «Ауыл шаруашылығы министрлігі қанттың қосымша көлемін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына жөнелтеді. Осы қалалардағы шағын бизнес өкілдері қанттың қажетті көлемін ала алады. Сондай-ақ, Қауымдастық басқа қалалар бойынша тізім жасап, қажетті қант көлемін есептейді. Бұл орайда, Қауымдастық пен әкімдіктер аталған қантты беру алгоритмін әзірлейді», – деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай ведомствода өткен кеңесте.

Айта кетсек, Ауыл шаруашылығы министрлігінде Сауда және интеграция министрлігі, Нұр-Сұлтан әкімдігі мен Қоғамдық тамақтану қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен бизнес субъектілерін қанттың қажетті көлемімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесу өтті. Бұған дейін Қоғамдық тамақтану қауымдастығы қантпен қамтамасыз етудегі қиындықтарға байланысты қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының банкротқа ұшырауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Талқылау қорытындысы бойынша шағын және орта бизнесті қосымша қолдау және қоғамдық тамақтану объектілерінің индустриялық қант қажеттілігін толық қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *