4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры
Cаясат

Рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адам ұсталды

ҚМА рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адамды анықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

ҚМА мәліметінше, 14 шілдеде ҚР ҚПК-ның 128-бабына сәйкес қылмыстық іс-әрекет эпизодтарының бірі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына мына азаматтар қамалған:

Танашев Тимур Сержанұлы, 1983 жылы туған;
Бабаев Рауан Тимурұлы, 1992 жылы туған;
Алтыбасаров Аңсар Мұратұлы, 1990 жылы туған;
Абижанов Дастан Мәдиұлы, 1977 жылы туған.

“15 шілдеде осы тұлғаларға қатысты Алматы қаласы мамандандырылған тергеу сотының қаулысы бойынша, 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Сонымен қатар, сот Елдос Қоспаевқа іздеу жариялап, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдады. Ал, Айдос Қоспаев мен Руслан Шалин күдікті деп танылды”, – делінген хабарламада.

ҚМА осы тұлғарардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккендер болса, Қаржылық мониторинг агенттігінің сенім телефондарына немесе аумақтық экономикалық тергеу басқармаларына хабарласуды сұрайды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *