4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана
Cаясат

Путиннің денсаулығына қатысты ресми мәлімет шықты

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің денсаулығына қатысты ақпараттарға пікір білдірді, – деп хабарлайды TurkistanZaman РИА Новостиге сілтеме жасап.

“Оның денсаулығы жақсы. Америкалық және ұлыбританиялық, сондай-ақ украиналық ақпарат “сарапшылары” соңғы айларда президенттің денсаулығы туралы түрлі “өсек-аяң” таратып жатқанын білесіздер. Бұл “өсек-аяңнан” басқа ештеңе емес. Біз бұл туралы айтып жүрміз”, – деді Песков.

Бұл ретте АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының басшысы Уильям Бернс Ресей басшысының денсаулық жағдайын “сап-сау” деп бағалады.

“Президент Путиннің денсаулығына қатысты көптеген қауесет бар. Бірақ біздің білуімізше, ол сап-сау. Бұл барлау қызметінің бейресми бағалауы”, – деп келтіреді агенттік Бернстің Аспен форумында сөйлеген сөзін.

19 шілдеде Владимир Путин жұмыс сапарымен Иран астанасы Тегеранға барды. Батыс ақпарат құралдары Ресей президенті журналистердің сұрағына жауап беру кезінде жиі жөтелгеніне назар аударған.

Кейінірек Владимир Путин Тегерандағы аптап пен желдеткішке шағымданған. Президенттің баспасөз хатшысы да Иранға сапары кезінде желдеткіш астында дауысы қарлығып қалғанын айтты.

“Желдеткішке келетін болсақ, иә, шынымен ыстық, көшеде 40 градус, желдеткіш астында салқын, менің де дауысым қарлып, менде де солай болды. Делегациядағы басқаларды білмеймін, бірақ мұндай болады, бұл ештеңе емес, бәрі жақсы”, – деді Дмитрий Песков.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *