4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ
Cаясат

“Зерде” холдингі тарауы мүмкін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин “Зерде” холдингін таратуды ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында министр “Зерде” тобын реформалау 2022 жылғы бірінші жартыжылдықта басталғанын айтты.

“Жүйелік интегратордың функциялары “Цифрлық үкіметті қолдау орталығы” РМК-ға берілді. Инновацияларды дамытудың бірыңғай экожүйесін құру мақсатында “АТП” АКҚ, Astana Hub және “QazInnovations инновацияларды дамыту ұлттық агенттігі” АҚ-ын бір ұйымға біріктіру ұсынылды. Бұдан әрі шара ретінде “Зерде” холдингін таратып, “ҰАТ” АҚ-ын тікелей Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне беру ұсынылады”, – деді Мусин.

Министр холдингтің жобаларды жүзеге асыруы бойынша тиісті материалдар құзырлы органдарда қаралып, зертелетінін айтты.

“Есеп комитеті осы үш активке ғана холдингтік құрылым қажет екенін көрсетті. Ұсынылған шара нәтижесінде қажетсіз басқару байланыстарын жою, ақшаны үнемдеу және нақты жауапкершілікті белгілеу түрінде оң нәтижеге қолжеткізіледі”, – деп қорытындылады Мусин.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *