Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

90 пәтер тұрғындары қараңғылық құшағында қалды

13 октября, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
0
SHARES
33
VIEWS

үй салынғалы бері 33 жылда электр сымдары бірде-бір рет жаңармаған

Түркістан қаласы №1 ықшамаудан тұрғындары бір аптадан бері жарықсыз отыр. 33 жыл бұрын пайдалануға берілген көпқабатты үй жертөлесіндегі электр желісінің тозығы жеткен. Сондықтан жарық жалп етіп өшеді де қалады дейді тұрғындар. Тұрғын үй – жекеменшік. Алайда ай сайын коммуналдық шығындарды төлеп отырғанын айтқан олар 33 жыл бойы жалбырап тұрған электр сымдарын ретке келтіріп, құбырды ауыстырып беруін сұрайды.

 

«Мына суықта күніміз тоқпешке қарап тұрғанда, енді оны пайдаланатын жарық та жоқ», – деген Ділдәгүл Қашқынбаеваның бұл  пәтерде тұрып жатқанына 33 жыл болған. Содан бері электр сымдары жинақталған жүйенің әбден тозығы жеткен. Жертөледе тіпті аяқ алып жүре алмаймыз дейді. Себебі, сымдардың сау тамтығы жоқ. Үзіліп тұр. Қала берді 33 жыл бойы жұмыс істеп тұрған су құбыры да осы желінің үстінен өтеді. Шіріп ауыстыруға сұранып тұрған құбыр да жарылып, электр сымдарын мүлдем істен шығарып тастаған. Сол себепті, күніміз майшамға қарап тұр дейді ол.

Ділдәгүл Қашқынбаева, қала тұрғыны:

«Жертөледегі құбырдың бәрі тесік. Су кетіп, жарығымыз өшті. 3 күн жарық болмай, қосылғанда мұздатқыш, телдидарымыз күйіп кетті. Мемлекттен ақша бөлініп жатыр ғой. Сол ақшаға кабелдерімзді жөндеп берсін»

Бір аптадан бері жарыққа зәру болған тұрғындардың сөзі бойынша жылда осы мәселе шешілмейді екен. Жекеменшік тұрғын үй болған күнде де коммуналдық шығындары ақысын төлегендіктен мұны тиісті мекеме өздері жөндеп беру керек дейді олар.

Дана Ысқақова, қала тұрғыны:

«Мына электр қалқаны негізінде жабық тұру керек. Бұлай ашық тұрмауы керек. Мына жерден кетіп жатқан судың себебінен қайта-қайта  өшіп жатыр»

Тұрғындар ай сайын келіп табалдырығын тоздырған тұрғын үй коммуналдық шарушалығына біз де келдік. Мұндағылар да  жарықтың болмауын тозығы жеткен электр сымдарының бұзылуымен байланыстырады. Ал оны жөндеу құзіретімізге кірмейді деген олар, кейіннен мердігер мекемемен келісіп барлығын жөндеуге уәде берді.

Әзімхан Омаров, қалалық ТҮКШ басшысы:

«Кеше жарық өшкен кезде мамандары барып анықтаған еді. Кабельдедің тозығы жетіп, жарамай қалған. Ескі үй ғой, тіпті сметада жоқ. Бірақ мердігермен келісіп жатырмыз. Бүгін қажет сым мен материалдарын алып береді. Жөндеп беретін болды»

Ертеңге дейін мердігерлер жалбыраған сымдарды ауыстырып үлгеретіндерін айтады. Сосын жарық та жанады сендірді жауапты мекеме.

Tags: жарықкоммуналдық шаруашылықсөнуэлектр
Алдыңғы жаңалық

Қысқа қарай жұмыртқа мен ет қымбаттайды

Келесі жаңалық

Өлім жазасы алынып тасталды  

Ұқсас жаңалықтар

Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық

Өлім жазасы алынып тасталды  

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz