Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Өзекті мәселе

7-20-25 дауы бітер емес

7-20-25 дауы бітер емес
26 апреля, 2022
in Өзекті мәселе
0
0
SHARES
14
VIEWS

Шымкентте тағы да баспана дауы. 7-20-25 мемлекеттік бағдарламасы арқылы конкурстан өткендер тұрғын үйге қол жеткізе алмай қалуы мүмкін. Өйткені осы мәселеге қатысты шудан кейін министрлік конкурс заңсыз өткізілгенін хабарлап, «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана несиесін рәсімдеуді тоқтатқан. Ал шенеуніктердің кесірінен далада қалдық деген жұрт алғашқы жарнасы төленіп қойған пәтерлерді беруді тоқтатпауды талап етіп отыр.

Бағдарлама негізінде пәтер алу үшін үміткер атанған Арслан Алтай отбасымен бірге пәтер жалдап тұрады. Ол аз пайызбен пәтер алу үшін алғашқы жарнаны төлеген. Керекті құжаттарды тапсырған. Енді конкурстан өтіп, армандаған баспанасын алам дегенде, байқау қорытындысын әділетсіз деп танығанына күйініп отыр.

Арслан Алтаев – Шымкент қаласының тұрғыны:
«Жүгірдік, барынша неғылдық. Енді осы үйді алу керек шығар. Бәрімізде бала-шаға бар. Көшеде жүрмейтін шығармыз енді. Әрқайсымыз квартирада тұрамыз. Шыны керек, бәрі квартирада тұрады. Ай сайын 70-100 мың ақша төлеп, квартираға төлегенше, өзіңнің қалтаңнан шыққан ақшаны өзіңнің кредитіңе төлеген жақсы емес пе?»
Қажетті құжат жинау үшін бармаған жері қалмаған жұрт өздерінің мемлекеттік және бюджеттік мекмеде жұмыс істемейтіндерін айтады. Үй алуға ниеттілер несиелерін жауып, тіпті бар мал-мүліктерін сатқан.

Зере Байырсанова – Шымкент қаалсының тұрғыны:
«Сиырларын да сатып жатыр, машиналарын да сатып жатыр. Енді өзіміз біз тегіннен-тегін алып жатқан жоқпыз. Біз официально 20 процентімізді төлеп, алайын деп жатырмыз бұл үйді».
Жиналғандардың алдына қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков шығып жағдайды түсіндірмек болды. Оның айтуынша, «7-20-25» бағдарламасын индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жауапты. Қалалық тұрғын үй басқармасы өткізген конкурстан әкімдік бейхабар қалған. Ол тараптардың талап-тілеген ескеріп, тиісті шешім шығару үшін арнайы коммиссия жұмыс жасайтыны айтты.

Ерғали Білісбеков — Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:
«Уақыт беріңіздер, сол уақыт бергеннен кейін, талдап болғаннан кейін біз дұрыс шешімге келеміз. Енді оны былай, заңнан бәрін, прокуратураны шақырып алып, отырып, талдап көреміз».

Билік өкілдері тұрғын үй несиесін қаржыландыруда екінші деңгейлі банктердің де қысқарғанын айтады. Енді бар мәселе тек Отбасы банкіне тіреліп тұр.

Байқаудан өткендер мен қалыс қалғандардың жәйін осы арнайы құрылған коммиссия енді жіті қарайтын болады. Ал индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен келіспей не қала әкімдігіне хабарламай өз бетінше конкурс өткізген қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Утенбаев қызметінен уақытша шеттетіліпті. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Tags: 7-20-25 дауы бітер емесTurkistanzaman.kz
Алдыңғы жаңалық

Лавров сес көрсетті

Келесі жаңалық

Тұрғындар көшіп әлек

Ұқсас жаңалықтар

Бос жұмыс орындары түріндегі тұзақтар: Азаматтарды интернет-алаяқтық пен адам саудасынан сақтандырамыз
Басты жаңалықтар

Бос жұмыс орындары түріндегі тұзақтар: Азаматтарды интернет-алаяқтық пен адам саудасынан сақтандырамыз

13 ноября, 2025
ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ
Басты жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ

4 июня, 2025
ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

2 июня, 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

2 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық
Тұрғындар көшіп әлек

Тұрғындар көшіп әлек

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz