Түркістан қаласында жаңа мектеп оқу жылына дайын емес

Түркістан қаласында ашылуы тиіс 28-мектеп-лицейде шу шықты.
Мектеп басшылығы құрылыс компаниясының жұмысына көңілі толмай шағымдануда. Мердігер компания өкілі ғимаратты 30 тамызда тапсырамыз дейді. Алайда, мектеп ұжымы шала-шарпы жұмыс нәтижесіне күмәнмен қарауда.

Жаңа оқу жылының басталуына 2 күн қалса да, мектеп оқушыларды қабылдамақ тұрмақ, жиһазбен жабдықтап үлгермейміз дейді. Кей сыныптарда тіпті тақтаның сапасы сын көтермейді…

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *