Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Түркістан: қоғамдағы этносаралық тұрақтылықтың ерекшеліктері талқыланды

24 августа, 2021
in Басты жаңалықтар, Билік, Қазақстан, Қоғам
0
0
SHARES
18
VIEWS

Түркістанда облыс әкімдігі мен облыс прокуратурасының ұйымдастыруымен «Қоғамдағы этносаралық тұрақтылықтың ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті.

Облыс аумағында қоғамдық-саяси және этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлтына, тіліне қарамастан тұрғындардың бір-біріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру мақсатында өткізілген семинарға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, облыс прокурорының орынбасары Жомарт Нұрғали, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов, құқық қорғау органдарының басшылары мен қала, аудандардың әкімдері және тарихшы, ғалымдар мен облыстағы этнос өкілдері қатысты.

Шарада модератор болған Сәкен Қалқаманов «Өңірімізде этносаралық келеңсіздікке жол бермеу үлкен жауапкершілік. Себебі, қоғамда тұрақтылықты сақтау — біздің міндетіміз. Тұрақтылық болмаған жерде даму да болмайтынын өздеріңіз жақсы білесіздер» деп атап өтті.

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты «ZOOM» платформасы арқылы өткізілген жиында этносаралық қақтығыстардың алдын алудың заманауи әдістері, модельдері, теориялық және практикалық аспектілері талқыланып, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдардың маңыздылығы туралы белгілі ғалымдар мен осы салада еңбек етіп жүрген кәсіби мамандардың баяндамалары тыңдалды.
Облыс прокурорының орынбасары Жомарт Нұрғали облыстағы этносаралық тұрақтылықты сақтаудың басым бағыттары мен сол бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Сонымен қатар, басқосуда тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев «Қазақстандағы этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуде мәдени ықпалдастықты дамыту» тақырыбында баяндама жасап, мәдени ықпалдастықтың нығаюы этносаралық тұрақтылықты сақтаудың басты жолы екендігін атап өтті.

Ал белгілі дінтанушы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры Досай Кенжетай «Еліміздің оңтүстік өңірлерінде этноәлеуметтік үрдістің дамуының негізгі бағыттары; сарапшылық баға», Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті, PhD доктор, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың жеткешісі Қайнар Қалдыбай «Этносаралық қақтығыстарды реттеу және азаматтық келісімді қолдау: модельдер, тәсілдер, тәжірибелер» тақырыптарында баяндама жасап, өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.
Семинар барысында өңірдегі этнос өкілдерінің тыныс-тіршілігін баяндайтын «Этносаралық келісім тұрақтылығы» тақырыбында бейнеролик жұрт назарына ұсынылып, мүдделі органдарды ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету мақсатында әдістемелік құралдар шығарылып, қатысушыларға таратыландығы айтылды.

Tags: С.ҚалқамановТүркістан облысыэтносаралық қатынас
Алдыңғы жаңалық

Маңғыстауда алғаш рет жаңбыр жаудыру технологиясы қолданылады

Келесі жаңалық

Қазақстанда өткен тәулікте алты мыңнан астам адамда КВИ анықталды

Ұқсас жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы санағына 390 мың респондент қатысты
Басты жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы санағына 390 мың респондент қатысты

22 августа, 2025
БӘРІМІЗДІҢ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ – БІР ҚАЗАҚСТАН
Басты жаңалықтар

БӘРІМІЗДІҢ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ – БІР ҚАЗАҚСТАН

22 августа, 2025
Қазақстандағы ұлттар арасындағы татулық пен бірлік
Басты жаңалықтар

Қазақстандағы ұлттар арасындағы татулық пен бірлік

21 августа, 2025
Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан
Басты жаңалықтар

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

20 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Ауыл шаруашылығы санағына 390 мың респондент қатысты

22 августа, 2025

БӘРІМІЗДІҢ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ – БІР ҚАЗАҚСТАН

22 августа, 2025

Қазақстандағы ұлттар арасындағы татулық пен бірлік

21 августа, 2025

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

20 августа, 2025

Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі

19 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

18 августа, 2025

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 августа, 2025

Елдесу және татуласу – бейбіт өмірдің кепілі 🤝

16 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

15 августа, 2025
Келесі жаңалық

Қазақстанда өткен тәулікте алты мыңнан астам адамда КВИ анықталды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

saqnews.kz
16 августа, 2025
0

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

saqnews.kz
18 августа, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz