Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

2025 ЖЫЛДЫҢ І ТОҚСАНЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУДЫҢ ОҢ ДИНАМИКАСЫ БАЙҚАЛДЫ

2025 ЖЫЛДЫҢ І ТОҚСАНЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУДЫҢ ОҢ ДИНАМИКАСЫ БАЙҚАЛДЫ
saqnews.kzsaqnews.kz
28 апреля, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
24
VIEWS
Түркістан облысында биылғы қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы сақталды. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 117,5%-ды құрап, бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада 2-орынға шықты. Мемлекет басшысының экономикалық өсімді 7%-ға жеткізу тапсырмасына сәйкес жұмыстар жүруде. Үш айдың қорытындысымен тиісті межеге қол жеткізілді. Өнеркәсіп өнім көлемі 353,6 млрд. теңгені құрап, 12,4%-ға артты.
Аймақтың экономикасын көтеру мәселесі және әкімдер мен басқарма басшыларын бағалау жүйесі, сонымен қатар бюджеттің игерілу барысы облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров жауаптыларға жұмыс қарқынын түсірмеуді тапсырды.
– Бізге экономиканы әртараптандыру, өндірісті дамыту міндеті жүктелген. Әр әкім, басқарма басшысы осы бағытта ізденіп, кіріс көздерін көбейтуге, жұмыс орындарын ашуға күш салулары керек. Инвестиция тарту маңызды. Сіздердің жұмыстарыңыз арнайы зерделеніп, рейтинг әзірленетінін тағы да ескертеміз. Сол бағалау нәтижесімен шешім қабылданады. Бюджетті тиімді жұмсау, уақтылы игеру бағытында да жүйелі жұмыс атқарыңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.
Мәжілісте Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек пен Облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Қ.Елібаевтың есептері тыңдалды.
Өңірде ауыл шаруашылығы өнім көлемі 116,4 млрд. теңгені құрап, өсім 106,9% деңгейінде қалыптасты. Өндірілген өнім бойынша аймақ – республикада көшбасшы. Бірінші тоқсанда құрылыс жұмыстары көлемі 58,6 млрд. теңгені құрап, 57,4%-ға артты. Пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер алаңы –159,2 мың шаршы метр. Облыс бойынша 2025 жылдың 1 тоқсан қорытындысымен жергілікті бюджетке 65,6 млрд.теңге салықтар мен басқа да түсімдер түсіп, жоспар 148,8%-ға орындалды. Есепті кезеңде салықтық түсімдер бойынша жоспар 40,9 млрд. теңге болса, бюджетке нақты түскені – 57,7 млрд. теңге. 16,8 млрд. теңге артығымен орындалды. Салықтық емес түсімдер бойынша жоспар 2,3 млрд. теңге болса, 6,1 млрд. теңге, түсіп, 3,8 млрд. теңге артығымен орындалып отыр. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің жоспары 747,2 млн. теңге болса, нақты түскені – 1,7 млрд. теңге. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өзіндік кірістердің орындалуы бойынша өсім 7,2%-ға жетті.
Облыс әкімінің тапсырмасымен аудан қала әкімдері мен басқамалардың қызметінің тиімділігін бағалайтын 89 индикатор (82 индикатор аудан, қала деңгейінде, 7 индикатор облыс деңгейінде қалыптасады) әзірленіп, биылғы 31 наурызда бекітілді. Индикаторлардың маңыздылығына қарай бағалау жүйесінде 9 блок бар. Әр блоктың нәтижесімен қорытынды рейтинг әзірленді. Тоқсан қорытындысымен барлық индикаторлардың нәтижесі бойынша аудан, қала әкімдерінің рейтингісіне сәйкес бірінші үштікке Отырар, Сауран аудандары мен Арыс қаласы енді.
Нұралхан Көшеров рейтинг бойынша төменгі орында тұрған аудан, қала әкімдеріне жұмысты ширатуды тапсырды. Аудан және басқарма басшыларын бағалау жұмыстары жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алдыңғы жаңалық

ҰЛЫ ЖЕҢІС: ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

Келесі жаңалық

«АРЫС-2025»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС БРИГАДАСЫНЫҢ ЖАТТЫҒУЛАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025
Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық
«АРЫС-2025»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС БРИГАДАСЫНЫҢ ЖАТТЫҒУЛАРЫ АЯҚТАЛДЫ

«АРЫС-2025»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС БРИГАДАСЫНЫҢ ЖАТТЫҒУЛАРЫ АЯҚТАЛДЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz