2022 жылы тұрғындар толық газбен қамтылмақ

 Түлкібас ауданы қазіргі таңда 99,5% көгілдір отынмен қамтылған. Ағымдағы жылы Иірсу ауылында құрылыс жұмыстары басталған газ құбыры 2022 жылы пайдалануға беріледі. Нәтижесінде аудан 100% табиғи газбен қамтылады. Бұл туралы аудан әкімі Нұрлан Байғұт мәлімдеді.

2021 жылдың 9 айының қорытындысымен аудандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 58 млрд 728,6 млн теңгені құраған. Ал ауданға тартылған инвестициялар көлемі есепті кезеңде 6 млрд 871,1 млн теңгеге жеткен.

         «Ауданның  әлеуметтік- экономикалық  дамуын  арттыру  мақсатында 1  ірі, 3  орта, 24  кіші  және 4 қосалқы  барлығы 32  кәсіпорын  жұмыс  істейді. Оның  ішінде  белсенді  жұмыс атқаратыны – 22, мезгілді  жұмыс  атқаратыны – 10. 2021 жылдың 9 айының қорытындысымен кәсіпорындар 10 млрд 203,8 млн теңгенің  өнімін  өндірген. Ал ауыл шаруашылығы саласының өнім көлемі 9 айда 38 млрд 16,6 млн теңгені құрады», – деді Нұрлан Мархабатұлы.

Ауданда ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысымен 18 509 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Сондай-ақ, аймақта 36 туристік нысан жұмыс істейді. Тоғыз айда жалпы ауданға 5 261 турист келген. Бүгінгі таңда туризм саласын дамытуға аудан бойынша 2 жоба іске асырылуда. Олар: «Etno Park Resort» этно ауыл жобасы мен «Таң Нұры» ЖШС емдеу сауықтыру кешені.

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *