Әлемде жарты миллиардтан астам адам коронавирус жұқтырды

Пандемия басталғалы бері әлемде 565 207 160 адам коронавирусқа шалдықты. Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың жалпы саны 6 373 739 адамды құрайды. Індет ең көп тараған елдер: – АҚШ – 88 920 929, – Үндістан – 43 825 185, – Бразилия – 33 454 294 жағдай.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *