Үндістанда Абайға бюст қойылды

Үндістанның Нью-Дели қаласында Сан Мартин Парк скверінде қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың бюсті салтанатты түрде таныстырылды.

Іс-шара ҚР Премьер – Министрінің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың, Үндістанның Сыртқы істер және мәдениет мемлекеттік министрі Минакши Лекхидің, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен өтті.

Бақыт Сұлтанов Абай бюстінің орнатылуы екі ел арасындағы рухани ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсетінін атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *