Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы да қақтығыс

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасында атыс болды, – деп хабарлайды TurkistanZaman тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстан шекара қызметі мәліметінше, атыс 3 маусымда сағат 12:00 шамасында Булак-Башы ауданында басталған.

“Аумақтан кету талаптарын елемей, тәжік шекарашылары қырғыз әскери қызметкерлеріне оқ жаудырды. Екі ел жасақтары арасында атыс болып, оның барысында тәжік тарапы минометтерді қолданды”, – деді Қырғыз Республикасының МҰҚК шекара қызметі өкілдері.

Жараланғандар мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ екені нақтыланды. Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының қырғыз-тәжік учаскесінде шекара бөлімшелері арасындағы қақтығыс жалғасып жатыр, деді Қырғызстан шекара қызметі өкілдері.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *